События школ Ввернуться назад

Май 13

    «Жүректен жүрекке» атты  қайырымдылық акциясын жүзеге асыруға мектеп ұжымын және ортақ күш салуға ауылымыздың әрбір азаматы өз үлестерін қосты.  Әлемді дүр сілкідірген коронавирус инфекциясының таралуы  Қазақстандыда айналып өтпеді.Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралуының жолын кесу мақсатында мемлекет тарапынан шұғыл іс-шаралар қабылданып жатыр. Осы бағытта «№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі бойынша коронавирустың алдын алу бағытында тиісті іс-шара жоспары орындалуда. Қайырымдылық «Жүректен жүреке» акциясының бастауы болған мектеп әкімшілігі жағдайы төмен отбасыларының үйлерін аралап, ата-аналардың өтініштерін қабылдап, көмек қолын созуда.Қашықтықтан оқытылуға байланысты көпбалалы отбасынан шыққан 10 отбасына ноутбук уақытша пайдалануға берілді.Мектеп бойынша арнайы мемлекетік жәрдем алатын оқушыларға сақтандыру бетперделер таратылды.Осындай қиыншылық туындаған кезде мектеп ұстаздарыда қолдарынан келгенше өз көмектерін көрсетуде.   Мектебіміздің белсенді ата-аналарыда осы жағдайға байланысты қолдарынан келгенше көмек көрсетуде.